Зайыр Қосайұлы Жанжарқынов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Зайыр Қосайұлы Жанжарқынов 1933 жылы 27 мамырда Ақтөбе облысы Темір ауданының Бородиновка ауылында туған. Қазақ. Әкесі - Асанов Қосай, марқұм, жүмысшы болған. Анасы - Асанова Жамал, марқұм, жұмысшы болған. Ташкент темір жол көлігі инженерлері институтының құрылыс факультетін (1961) қатынас жолдары инженері-құрылысшы мамандығы бойынша; КОКП ОК жанындағы Жоғары партия мектебін (1978) бітірген. Орыс және неміс (сөздікпен) тілдерін біледі. КОКП мүшесі (1957-1991). 1961 жылдан - Құрылыс материалдары комбинатының үй құрылыс шебері. 1962 жылдан - Кеңес халық шаруашылық басқармасы төрағасының көмекшісі; Құрылыс комитеті басқармасында жобалау-смета өндірістік бөлімінің бастығы; құрылысы жүріп жатқан темірбетон құрылғылары зауытының бас инженері; темірбетон құрылғылары зауытының директоры м.а. 1962 жылдың желтоқсан айынан - ҮҚК (Үй қүрылысы комбинаты) өндіріс бастығы. 1967 жылдан - ҮҚК бас құрылысшысы, 1970 жылдан - бастығы. 1974 жылдан - Ақтөбе қаласы Фрунзе аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы. 1982 жылдан - Ақтөбе қалалық партия комитетінің бірінші хатшысы. 1984 жылдан - жаңадан қүрылған Басқазақмунайгазқұрылыс басқармасы бастығының орынбасары. 1996 жылдан - еңбегі сіңген демалыста. Облыстық, қалалық, аудандық Халық депутаттары кеңесінің депутаты (1974-1983). «Құрмет белгісі» (1971), Еңбек Қызыл Ту (1976), Халықтар достығы (1981) ордендерімен; «Ерлік еңбегі үшін. В.И. Лениннің туған күніне 100 жыл толуы құрметіне» мерейтой медалімен (1970); көптеген медальдармен және төс белгілермен; ҚазКСР Жоғарғы Кеңес Төралқасының Құрмет грамотасымен (1983) марапатталған. Республикалық дәрежедегі зейнеткер. Ақтөбе қаласының Құрметті азаматы. Әскери атағы - қызметінен босатылған подполковник. Саяси қайраткер ретіндегі идеалы - Н.Ә. Назарбаев. Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Экономиканың дамуы және өркендеу». Хоббиі - жазғы және қысқы аңшылық. Сүйіп оқитын әдебиеті - Л.Н. Толстой, А. Құнанбаев. Үйленген. Жұбайы -Жанжарқынова Ильвера Ыбырайқызы (1935 ж. т.), орыс тілі мен әдебиетінің муғалімі. Ұлдары-Жанжарқынов Асқар Зайырұлы, «Евро-Азия Эйр» әуе компаниясы» АҚ президенті, Зайыров Марат Зайырұлы, «Нұрбанк» АҚ басқарма төрағасы.<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Bio-stub