Заир музыкасы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Заир музыкасы

Заир музыкасы-заир халқының ұлттық музыкасы.

Тарихы

Музыка мәдениетінің даму процесі, профессионалдық музыкасының қалыптасуы Заир жерінде ертедегі таптық мемлекеттер дәуірінен басталады. 15 ғасырдың аяғында португалдықтардың заир жеріне келуі және сауда-саттық ісінің дамуы африкан халықтары мәдениетінің өркін жоюына үлкен кедергі келтірді. Сондықтан да заир халқының музыкасынан (әсіресе пигмей халықтарынан) ықылым заман әуені байқалады.

Сипаттама

Заир музыкасы әртүрлі аспапқа бай. 50 жылдары пайда болған мәдени-ағарту қоғамдары африкандықтарды өз ұлтының тарихын, әдет-ғұрпын, мәдениетін білуге шақырды. Африка ұлттық музыкалық мәдениетін қадірлеуді насихаттады. 1960 жылы тәуелсіздік алғаннан кейін Заирдың мәдени өмірінде болған күрделі өзгерістер музыкасынан да көрініс тапты. Гитарашылар стилі пайда болды. Африка халық музыкасын жандандырып орындауда еуропалық музыкалық аспаптары (гитара, саксафон тағы басқа) қолданылады. Тек Заирға ғана емес, көптеген елдерге белгілі профессионалдық оркестр қалыптасуда, музыканттар мен орындаушылар тәрбиеленуде. Дакар (1966 жылы) мен Алжирде (1969 жылы) өткен африка өнерінің фестивальдарында заир музыкалық коллективтері жүлдеге ие болды. 1968 жылы Киншасада Музыка және драматургия өнерінің ұлттық академиясы құрылды. <ref> Қазақ совет энцеклопедиясы.</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер