Жәңгір Үмбетов

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Мағына Үлгі:Суретші Жәңгір Үмбетов (3 ақпан, 1947 жылы, Қызылорда облысы Арал қаласында туған) - суретші-безендіруші. Қазақ.

Н.В. Гоголь атындағы Алматы көркемсурет училищесін бітірген (1973), суретші-безендіруші. Жаңа патенттелген былғарыдан сурет жасау «күшкөн» тәсілінің авторы (1994).

Республикалық және халықаралық көрмелерге 1976 жылдан қатысады. Шығармалары АҚШ, Франция, Италия, Германия, Түркия, Ресей, Украина және т.б. мемлекеттердің көрмелеріне қойылған. Жұмыстары түрлі мемлекеттердің көптеген мұражайларының қоры мен жеке коллекцияларында, оның қатарында Елизавета ағылшын королевасының топтамасында сақталуда; суретшінің алғашқы суреттерінің бірі Нью-Йорк қаласы БҰҰ Орталық ғимаратының холлына сән беріп тұр.

«Бәйтерек» жұмысының (2006) және т.б. тең авторы.<ref name="ReferenceA">Қазақстан Республикасында Кімнің Кім екені – 2011. 2 томдық анықтамалық. Алматы, 2011. ISBN 978-601-278-473-2</ref>

Декоративті-қолданбалы өнер, былғарыны көркемдеп өңдеу саласыңда жұмыс істейді. Ол А. Ихановамен бірлесіп, Абай шығармалары жинағының ақын суреті салынған өте сирек кездесетін мұқабасын жасап шығарған. Ол сондай-ақ, «Абайға тарту» атты трип-тихқа кіретін «Өмір», «Жер» және «Ән» атты пан-ноларын салып, Абай поэзиясын қабылдаудағы өзіндік түсінігін жарқын бейнелер арқылы көрсете білді.<ref>Абай. Энциклопедия. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, «Атамұра» баспасы, ISBN 5-7667-2949-9</ref>

Қоғамдық жұмыстары

КСРО және ҚР Суретшілер одағының мүшесі (1978 жылдан). Украин Суретшілер одағының, Еуропалық өнерлер орталығының құрметті мүшесі.

Марапаттары мен жетістіктері

  • Еуропалық Суретшілер одағының сыйлығының лауреаты (Прага, 2003).
  • АҚШ Президенті Дж. Картердің, испан королі Хуан IV, Майндағы-Франкфурт қаласы мэриясының, ағылшын королевасы Елизаветаның, БҰҰ және т.б. алғыс хаттарын алған.
  • Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері (1998).

Отбасы

  • Үйленген. Жұбайы - Иханова Амангүл, суретші. Екі қызы бар.<ref name="ReferenceA"/>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Үлгі:Суретсіз мақала