Жәрмеңке думаншылары

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Жәрмеңке думаншылары — жәрмеңкелерде ойын-сауық көрсетуші өнерпаздар. Олар өз өнерлерін табыс түсіру үшін емес, халықтың көңілін көтеру, қабілеттерін паш ету мақсатымен көрсеткен. Репертуарларынан, негізінен, тапқырлық пен төзімділік, мергендік пен батырлық, саятшылдық басты орын алған. Атаннан қарғу, арқан үстінде билеу, ауыр салмақ көтеру секілді спорттың цирктік түрлерінің қазақ топырағындағы негізін ең алғаш Жәрмеңке думаншылары салды. Сонымен қатар жаяу жарыс, палуан күрес, қыз қуу, теңге ілдіру, жорға салыстыру, ат жарыстыру, бүркітке түлкі алдыру, сұңқарға қу ілдіру, тазы жүгіртудің озық үлгілерін Жәрмеңке думаншылары көрсететін болған. Шешендік айтыстарда ел мүддесін қорғап, би-болыстарды шенеген, ер даңқы мен ел салтын мадақтаған. Ақан сері, Біржан сал, Балуан Шолақ, Қажымұқан, Үкілі Ыбырай, Әсет ақын, Иманжүсіп, Мәди, Ағашаяқ, Кемпірбай, Шөкей қыз, Майра Шамсутдинова және т. б-лар 19 ғасырда Жәрмеңке думаншыларының ішінен үздік өнерімен халық құрметіне ие болды. Жәрмеңке думаншыларының көрсеткен ойын-сауықтары — сол заманғы халықтың мұң-мүддесімен біте қайнасқан өнер түрі ретінде тарихта қалды.

Сілтеме

Қазақ энциклопедиясы

{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Жәрмеңке думаншылары|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}