Жәнібек Ғинаятұлы Шайхымежденов
Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Жәнібек Ғинаятұлы Шайхымежденов 1950 жылдың 2 ақпан айында Гурьев облысы Исатай ауданының Айбас ауылында туған.
- В.И. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын (1973) бітірген, тау-кен инженері. Техника ғылымдарының докторы, профессор. Техника ғылымдары женіндегі ЮНЕСКО философия докторы. 90-нан астам ғылыми еңбектің, соның ішінде 1 монография мен 10 өнертабыстың авторы.
- 1973 жылдан - В.И. Ленин атындағы КазПТИ мұнай факультетінің «Ұңғымаларды бұрғылау технологиялары мен техникасы» және «Мұнай мен газ ұңғымаларын бұрғылау» кафедраларында инженер, 1975 жылдан - кіші ғылыми қызметкер, аға ғылыми қызметкер, 1980 жылдан - оқытушы, 1984 жылдан - аға оқытушы, 1987 жылдан - доцент, деканның орынбасары. 1994 жылдан - «Қазақтүрікмұнай» ЖШС бұрғылау жөніндегі бас технологы, 1999 жылдан - ұйымдастыру жиынтық техникалық бөлімінің бастығы, 2003 жылдан - Үкіметпен байланыс және топтама техникалық сараптама бөлімінің бастығы.
- 2006-2007 жылдары - «Қазақтүрікмұнай» ЖШС бас директоры.ҚазҰТУ, ҚР Жоғары және арнайы орта білім министрлігі, ҚР Геология министрлігі мен ҚР Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің құрмет грамоталарымен марапатталған.<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені - 2011 жыл. Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 ІSВN 978-601-278-473-2</ref>
Дереккөздер
<References/>
{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}