Жәниева Тойжан Сейдалықызы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Тойжан Сейдалықызы Жәниева, жоғары санатты логопед, жоғары санатты дефектолог, 1957 жылы 20-қаңтарда Алматы облысында дүниеге келген. Талдықорған облысының Бөрлітөбе аудынында 1975 жылы мектеп бітірген соң, Алматы қаласындағы Абай атындағы ҚазПИ-дің филология факультетіне түсіп, 1980 жылы аяқтады.

Еңбекжолы

Еңбек жолын Орал қаласындағы жетім және ата-ана қамқорлығынан айырылған балаларға арналған облыстық №15 көмекші мектеп-интернатында бастады. Бұл мектепте ол біртіндеп жетекші, тәрбиеші, мұғалім, логопед қызметтерін атқара келе, 1997 – 2007 жылдары директордың оқу-тәрбие ісі бойынша орынбасары болып істеді. Арнайы білім алу сұранысы бар балалармен жұмыс істеу үшін ол Абай атындағы ҚазПИ-дің дефектологиялық факультетіне түсіп, «Олигофренопедагогика және логопедия» мамандығын игерді.

2004 жылы облыстық №15 көмекші мектеп-интернатында ресурстық орталық ашып, онда педагогтарды оқытумен айналысады. 2004-2006 жылдары мектепте ҚР Білім және ғылым министрлігінің көмекші мектепке арналған оқу бағдарламаларын сынақтан өткізу бойынша эксперименталдық қызметті басқарып, қазақ тілі мен әдебиетін оқытудың кешенді құралдарын жасауға бас-көз болды. Биология пәнінің мұғалімі Г.Б.Айтқалиевамен бірігіп, 6-сыныпқа арналған «Өлі табиғат» оқулығын аударумен және интеллекті бұзылған балалардың 4 сарапты деңгейіне арналған 4 жұмыс дәптерін жасап шығарумен айналысты.

Марапаттамалары

Жақсы жұмысы үшін Облыстық білім беру басқармасы, облыстық білім жетілдіру институтының Құрмет грамоталарымен марапатталды. 2007 жылы Тойжан Сейдалықызы «Республикалық балаларды оңалту орталығы» АҚ-на жұмысқа шақырылды. Ол аға түзету педагог қызметін атқарады, мүмкіндігі шектеулі балалармен жасалатын түзету оқу-тәрбие үрдісін қадағалайды, сонымен қатар, қимыл-қозғалыс аппараты бұзылған балалармен жұмыс істейтін балаларды оқытып тәрбиелеуші педагогтарды дайындаумен айналысады. Логопедтермен біріге отырып БЦС сырқатына шалдыққан балаларға жасалатын логопедиялық уқалау әдістерін оңалту үрдісіне енгізумен айналысады, «Логопедиялық уқалау» көрнекі құралы» флип-чарты және «Балалар церебралды салдану сырқатына шалдыққан балаларға логопедилық уқалауды қолдану» әдістемелік құралын дайындап шығарды.


Қызметтері

2011 жылдан бері ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің бас штаттан тыс логопеді қызметін атқарады. Қоғамда жұмыс істеген жылдары ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Құрмет Грамотасымен (2008), ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің кәсіподақ ұйымының «Қазақстан Республикасы Денсаулық Сақтау қызметкерлері кәсіподағының үздігі» төс белгісімен марапатталды. Жолдасы Жәниев Ұзақбай Рамазанұлы ҚР Ішкі істер саласында көп жыл еңбек еткен, қазірде Орталықтың шаруашылық қызметін басқарады. Қызы Әсел ҚХР Шанхай қаласында жоғары білім алып жатыр.

Дереккөздер

<references/>

1. ↑http://www.velchel.ru/