Жәмиға Тәжікқызы Таңатарова

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Ғалым Жәмиға Тәжікқызы Таңатарова — тарих ғылымының докторы (2008), доцент, академик, профессор.

Өмірбаяны, еңбек жолы

1960 жылы 6 қарашада Атырау облысы, Жылыой ауданы, Құлсары қаласында туған.

ҚазМУ-ды (1985, қазіргі Қазақ ұлттық университеті) бітірген.

1985-2004 жылдары Гурьев педагогикалық институтында (қазіргі Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университеті), Атырау мемлекеттік университетінде оқытушы, аға оқытушы, доцент, профессор, кафедра меңгерушісі, проректоры, 2004-06 жылдары Тарих және этнология институтында аға ғылыми қызметкер, 2007 жылдан проректоры қызметін атқарады.

Ғылыми бағыты, еңбектері

Негізгі ғылыми бағыты — Кеңестік ауыл шаруашылығы саясаты мәселелері және XIX-XX ғасырлардағы қазақ интеллигенциясының саяси көзқарасы.
"Г.И. Потанин және қазақ зиялылары: саяси және рухани көзқарастарды тарихи талдау" тақырыбында докторлық диссертация қорғаған.
100-ге жуық ғылыми еңбектің, оның ішінде 1 монографияның, бірнеше оқу-әдістемелік құралдардың авторы.

Марапаттары

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер