Жәмилә

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

"Жәмилә" - дастан. Авторы Семей облысы Шар ауданының тұрғыны Тембай Манабаев. Мәкежан Құлкенов деген кісі дастанды 1949 жылы ел аузынан жазып алған. Жыр сюжеті "Мың бір түн" ертегісінен алынып, өлеңмен жазылған, мазмұны "Сейфүл-Мәлік" жырына ұқсайды. Дастанның бас кейіпкері Мәлікриян патшаның баласы Рабиғұлмәлік махаббат жолында қиял-ғажайып ертегілеріндей сиқырлы заттар жәрдемімен қиындықтарды жеңіп, өз мақсатына жетеді. Дастан бұрын баспа бетін көрмеген, қара өлең үлгісімен жазылған. Қолжазбасы Орталық ғылыми кітапхана қорында сақтаулы тұр.<ref>Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.ISBN 9965-26-096-6</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub: Қазақ әдебиеті Үлгі:Wikify

Үлгі:Суретсіз мақала