Жұрын

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Елді мекен-Қазақстан

ЖұрынАқтөбе облысының Мұғалжар ауданындағы ауыл, Жұрын ауылдық округі орталығы, темір жол бекеті.

Географиялық орны

Аудан орталығы – Қандыағаш қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 29,3 км жерде.

Халқы

1999 жылы тұрғындар саны 1912 адам (933 ер адам және 979 әйел адам) болса, 2009 жылы 1267 адамды (628 ер адам және 639 әйел адам) құрады.<ref name="source122">2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том Үлгі:Webarchive</ref>

2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 1188 адамды (609 ер адам және 579 әйел адам) құрады.<ref>2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары</ref>

Тарихы

Іргесі 1956 жылы Ақтөбе мал азығын дайындау тәжірибе стансасы ретінде қаланды. 1997 жылы оның негізінде Жұрын өндірістік кооперативі құрылды.

Транспорты

Үстінен Орынбор-Ташкент темір жолы және Ақтөбе-Шалқар тас жолы өтеді.

Инфрақұрылымы

Орта мектеп, клуб, кітапхана, фельдшерлік-акушерлік пункт, тағы да басқа мекемелер бар. Тұрғындары көрші елді мекендермен автомобиль және темір жолдарымен қатынасады.

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Үлгі:Мұғалжар ауданы елді мекендері