Жұмыр бозтүк

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Taxobox Жұмыр бозтүк (Үлгі:Lang-la) – астралылар тұқымдасы, бозтүк туысына жататын шала бұта. Қазақстанда Батыс Тянь-Шаньның Қаратау, Қырғыз Алатауыныңтастақты беткейлерінде кездеседі. Биікт. 30 – 60 см, сыртын ақ киіз түкті немесе тықыр, қос үйлі өсімдік жапқан. Сабақтары көп. Жапырақтары ұзынша, отырыңқы, ұзындығы 4,5 см, ені 4 мм-дей. Гүлдері қос жынысты, аналық гүлдері өте көп, жіңішке түтік тәрізді күлтелі; аталық гүлдері қоңырау түтікше тәрізді күлтелі болады. Олар себет гүлшоғырына топталған. Гүлсебеттері сабағының ұшында жетіледі. Тұқымынан сирек вегетативті жолмен де көбейеді. Маусым – шілде айларында гүлдеп, шілде – тамызда жемістенеді. Тұқымы ұзынша, тықыр, бұдырмақ қылтанды айдаршасы бар. Жұмыр бозтүк өте сирек кездесетін түр болғандықтан қорғауға алынып, Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген.<ref name="source1">"Қазақ Энциклопедиясы"</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Wikify

Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Stub