Жұмыршақ (retіculum)

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Жұмыршақ (retіculum) – күйіс малдың асқазанына жалғас тұратын тақия қарын. Жұмыршақтың сырты түкті, пішіні алмұрт тәрізді сопақ, іші эпителий қабығымен көмкерілген, ұзынынан иірім қатпарлардан (12 – 17) тұрады. Жұмыршақ малдың қамшылар жағында төстің қазанталмасынан кейін, оң бүйірде жалбыршақ қарын және 12 елі ішекпен байланысады. Жұмыршақтың сыйымдылығы шамамен: сиырда – 6 – 15 л, қойда – 1,7 – 3,3 л, түйеде – 10 – 20 л. Төл оттыққанға дейін уыз сүті жалбыршақ қарын мен қатпар қарынға соқпастан тура Жұмыршаққа (Жұмыршақты төл оттыққанға дейін мәйек деп те атайды) құйылады. Сондықтан жас төлдің мәйегін (ішіндегі уызын) ұйытқы, ірімшік ірітуге қолданады. Жұмыршақтың 12 елі ішекпен ұласқан тұсы – ұлтабарды қазақтар ырымдап әйелдердің қалжасына және сыбағасына қосады.<ref> Қазақ энциклопедиясы, 4 том; </ref>

Сілтеме

<references/> Үлгі:Stub Үлгі:Wikify Үлгі:Суретсіз мақала