Жұмырбас лақса

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Taxobox Лақса жұмырбас (Үлгі:Lang-la) – астралылар тұқымдасының лақса туысына жататын көпжылдық өсімдік. Қазақстанда бұл өсімдік құмды шөлді далаларда тау белдеулері мен тастақты беткейлерінде, шалғындықтар мен бұта-тоғайлардың арасын қалайды. Биік, мықты сабағымен ерекшеленеді, сабағының үстіңгі жағы ақшыл келеді. Сабағы тік өседі, жапырақ тақтасының жиектері терең ойықталған, тікенекті, астыңғы жағы жұмсақ, қалың түкті, кей түрі безді түкті келеді. Лақсаның басқа туыстардан ерекшелігі – себеті бір ғана гүлден тұрады. Олардың бірнешеуі топтанып сабағы мен бұтақтарының ұшында шоғырбас гүлшоғырын құрайды. Себетінің сыртын 3-5 қатардан құралған тікенекті, жарғақты орама жапырақтарқоршайды. Гүлі қос жынысты, түбі түтікше түтікшн тәрізді біріккен ақ немесе көгілдір түсті, 5 күлтесі, жіпшелері түтікшеге біріккен 5 аталық, аузы қос тілімді аналығы болады. Тостағанша жапырақшасы түрін өзгертіп үлпекке айналған. Ол айдарша жемісінің ұшында орналасқан, желмен ұшып кеңірек таралуына жағдай туғызды. Лақса жұмырбас маусым-шілде айларында гүлдеп, шілде-тамыз айларында жеміс береді. Жемісі ірі қақырмайтын қырлы, түкті, айдаршалы тұқымша болады. Лақса жұмырбас улы өсімдік, мал жемейді. Тұқымында 28 пайыздай тез кебетін май болады, ол техникада қолданылады. Лақса жұмырбас сирек кездесетін өсімдік, Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген.<ref>"Күншығыс" энциклопедиясы .</ref> Үлгі:Фотоқатар

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер Үлгі:Commons