Жұмылдыру

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Жұмылдыру<ref>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Әскери іс. Алматы: «Мектеп» ААҚ, 2001 жыл</ref> (Мобилизация; Үлгі:Lang-la) — Қарулы Күштерді соғыс жағдайына ауыстыру және елдің экономикасы мен мемлекеттік институттарын соғыс мұқтаждықтарын қамтамасыз ету үшін қайта құру жөніндегі іс-шаралар кешені.

  • Жұмылдыруға дайындау бейбіт уақытта жүзеге асырылады, ал жұмылдырудың өзі мемлекеттің мүмкіндіктерін ескере отырып әзірленетін, жоспарға сәйкес соғыс қарсаңында немесе ішінара болуы мүмкін.
  • Ішінара жұмылдыру әскери қимылдар театрының бірінің аймағында орналасқан аудандарда жүргізіледі; ол елдің жекеленген әскери округтерін (флоттарын), облыстарын, өңірлері мен экономикалық аудандарын қамтиды. Жұмылдыру ашық немесе жасырын тәсілмен жүзеге асырылады. Жалпы жұмылдыру елдің барлық аймағында жүргізіледі және мемлекеттің барлық қарулы күштеріне, экономикасына және оның түрлі институттарына таралады. Көптеген мемлекетгерде жұмылдыру жалпыға бірдей әскери міндеткерлік негізінде құралатын армияларды құрумен қатар қолданыла бастады (18 — 19 ғ-дың соңы).
  • Жұмылдыру термині 1870 жылдан бастап ресми түрде қолданысқа енді. Жұмылдыру ұғымына айтарлықтай өзгерістерді 20 ғ-дағы соғыстар, әсіресе Бірінші дүниежүзілік соғыс әкелді. Бұл соғыста барлық соғысқан елдердің қарулы күштерінде жұмылдырылған адамдардың жалпы саны шамамен 70 млн-ға жетті. Соғыс мұқтаждықтарын қамтамасыз ету ушін қару, әскери техника мен жабдықтар шығаратын зауыттар күші көбейтілді. Екінші дүниежүзілік соғыстың басталуы мен бүкіл барысы жұмылдыру сипаттамасы мен масштабтарына өзгерістер әкелді. Қарулы Күштерді жұмылдыру — олардың стратегиялық жайншуының маңызды элементтерінің бірі.
  • Экономиканы жұмылдыру ел экономикасының барлық салалары мен тиісті мемлекеттік институттарын қару, әскери техлиқа, оқ-дәрілер, киім-кешек, жабдық және тағы басқа жасап шығару мақсатында бейбіт қалыптан соғыс жағдайына ауыстыру болып табылады.<ref>Орысша-қазақша заңдық түсіндірме сөздік-анықтамалық. — Алматы: «Жеті жарғы» баспасы, 2008 жыл. ISBN 9965-11-274-6</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub:Әскери іс {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}