Жұмахмет Мақаншыұлы Кішкенебаев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Жұмахмет Мақаншыұлы Кішкенебаев (1938 жылы туған, Қызылорда облысында, Қазалы ауданында) — тіл білімі маманы, филологиялық ғылым кандидаты (1973), доцент. Алматы шет тілдер институтының неміс тілі факультетін (1964), Москва мемлекеттік университетінің жанындағы Азия және Африка институтының аспирантурасын (1973) бітірген. 1964—1967 жылы Қызылорда педогогикалық институтында оқытушы. 1967—1972 жылы осында кафедра меңгерушісі. 1978 жылдан Қазақ мемлекеттік қыздар институтының шет тілдері кафедрасының доценті. "Неміс тіліндегі етістіктен туған сын есімдер мен олардың қазақ тілімен ұқсастығы" деген тақырыпта кандидат диссиртациясын қорғады. 10-нан аға ғылым мақ. авторы.<ref>Қазақ тілі. Энциклопедия. Алматы: Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстан даму институты, 1998 жыл, 509 бет. ISBN 5-7667-2616-3</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}