Жұмаділ Жаңабайұлы Байкөншеков

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Жұмаділ Жаңабайұлы Байкөншеков (8 шілде 1947 жылы туған,Жамбыл облысы Тараз қаласы) – техника ғылымдарының докторы (1985), профессор (1987), Қазақстан Ғылыми Академиясының академигі (2003).

Өмірбаяны

  • осы университте инженер, ҚазМУ-да (қазіргі ҚазҰУ) стажер-зерттеуші, аспирант, аға оқытушы, доцент (1971–1980)


Ғылыми жұмыстары

Негізгі ғылым еңбектері механизмдер мен машиналар, роботтар мен манипуляторлар механикасы теориясына арналған, мұнай-газ құрал-жабдықтарын жетілдірумен айналысады. Ол манипуляциялық роботтарды зерттеу мен жобалауға байланысты жаңа ғыл. бағытты құрды. Ол жоғары класты механизмдерді талдаудың және жинақтаудың сандық тәсілін тапты. Соның нәтижесінде жаңа негіздегі жүк көтергіш және манипуляциялық құрылғылар жасалды.

  • 300-ден аса ғыл. жұмыстардың авторы, олардың ішінде 15 монография мен оқу құралдары, Ұлыбританияның, Германияның, Италияның, Францияның, Польшаның патенттерін қоса есептегенде 70 патенті бар.
  • Машиналар мен механизмдер теориясы бойынша 4 – 10 Бүкілдүниежүз. конгрестерде (Ұлыбританияның Ньюкасл қ., 1975, Канаданың Монреаль қ., 1979, Үндістанның Нью-Дели қ., 1983, Испанияның Севилья қ., 1987, Чехияның Прага қ. 1991, Италияның Милан қ., 1995, Финляндияның Оулу қ., 1999) және басқа да халықар. конференцияларда машина мен механизмдер теориясы мен роботтық текхника жайында баяндама жасады.

Қоғамдық жұмыстары

  • Машиналар мен механизмдер жөніндегі халықар. федерацияның қазақстандық к-тінің және докторлық диссертациялық кеңестің төрағасы.
  • 7 ғылым докторын, 17 ғылым кандидаттарын дайындады.


Марапаттары

  • Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығы лауреаты (1980)
  • Халықаралық және Ресей инженерлері одағының В.Т.Шухов атындағы алтын медалімен марапатталған (1992).

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}} }