Жұмабике Серікбаева

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Жұмабике Серікбаева (8 наурыз 1917, қазіргі Ақмола облысы Қорғалжын ауданы24 шілде 1996, Шымкент) — актриса, әнші, Қазақ КСР-інің халық артисі (1974).

Өмірбаяны

  • 1938 ж. Санкт-Петербург қаласындағы Мемлекеттік сахна өнері техникумының (кейіннен Мемлекеттік театр, музыка және кинематография институты) қазақ студиясын бітірген. Мұнда Л.С. Вивьен, И.В. Мейерхольд және В.В. Меркурьев сынды өнер шеберлерінен сабақ алды.
  • Сол жылданШымкент облысы драма театрында актриса болып қызмет етті.

Рольдері

Оның алғашқы ойнаған рөлі — М.Әуезовтің “Еңлік — Кебек” трагедиясындағы Еңлік. Бұдан кейінгі ойнаған негізгі рөлдері: Қарагөз, Құртқа (Әуезов, “Қарагөз” бен “Қара қыпшақ Қобыланды”), Баян, Ақтоқты (Ғ.Мүсірепов, “Қозы Көрпеш — Баян сұлу” мен “Ақан сері — Ақтоқты”), Алма (М.Ақынжанов, “Исатай мен Махамбет”), Сәуле (Т.Ахтановтың осы аттас спектаклі), Ажар (С.Жүнісов, “Ажар мен ажал”), Таңқабике (М.Кәрім, “Ай тұтылған түн”), Полина (О. де Бальзак, “Өгей шеше”), Коринкина (А.Н. Островский, “Жазықсыздан жапа шеккендер”), т.б. С. сахналық кейіпкерінің ішкі сезім дүниесіне жоғары мән берумен ерекшеленді. Театрда қойылған музыкалық спектакльдерге де қатысып, Қыз Жібек, (Мүсірепов, “Қыз Жібек”), Шұға (Б.Майлин, “Шұға”), Ақжүніс (Е.Г. Брусиловский, “Ер Тарғын”) сияқты рөлдерді орындады.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}