Жұлдыз той

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Жұлдыз той — Қазақтың ежелден келе жатқан салт-дәстүрі. 3—5—7—9 жасқа толғанда оның құлағын тесіп сырға тағу тойы<ref>Үлгі:Cite web</ref>.

Тарихы

Ежелден келе жатқан қазақи салт-дәстүр. Үлкен жастағы қызға құда түскенде, келін болатын қызға арналған баскиім төбесіне үкі қадап басына кигізеді, құлағына сырға салады. Балиғатқа толмаған немесе 9 жасқа толып, құлағына тарымен тесіп, сырға тағу „Сырға тойы“ деп аталған. Тұрмысқа шыққалы тұрған қызға „Сырға салынса“, кішкентай қызға „сырға тағылады“. Құлағына сырға салған қыз өзінің қыз екенін, сырға салып, сәнденіп, әдеміденіп әдеп-ибамен жүру керегін сол күннен бастап сезінеді. Тіл-көз қуыршақтай қызға емес, сырғаға тисін деген оймен тұмар ретінде, одан соң көркемдік, сұлулық, әдемілік үшін тағады. Ал әкесінің „сырға тағу тойын өткізуі“ — жұрт алдында қызының беделін көтеруі. Отбасында жалғыз қызы болса, онда тойды тек туыс-туғандар арасында жасаған<ref>Үлгі:Cite web</ref><ref>Үлгі:Cite web</ref>.

Басқа деректерде егер әулетте қатарынан қыз туылса, ата-анасы ниет етіп „Жұлдыз“ той берсе, артынан ұл туылады деп ниеттенген<ref>Үлгі:Cite web</ref>.

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер