Жұлдыз күмбезтамы

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Ғимарат Жұлдыз күмбезтамы (XVIII ғасырдың ІІ жартысы) – Маңғыстау облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енген сәулет өнері ескерткіші.

Орналасқан жері

Мұнайлы ауданы, Батыр ауылынан 35 км оңтүстік-шығыс бағытта орналасқан.

Кезеңі

XVIII ғасырдың ІІ жартысы.

Сипаты

Ескерткіш 2004 жылы "Маңғыстау тарихи-мәдени қорығы" мемлекеттік мекемесі қызметкерлерімен зерттелген.
Мұнда ерекше көзге түсер (өлшемі 4,60×4,50 м), биіктігі 3,60 м болатын 1 бөлмелі құрылыс, шаршы жоспардағы кесене. Ескерткіш дəстүрлі көлемдегі үйлесімде, екі элементті – призматикалық көлемге ие, бал арасының омарта ұясына ұқсас өрнекті жалған күмбезді етіп, шала өңделген кесектерден қаланған. Күмбездің найзатаспен түйінделген тұсы қираған. Қабырғаның басты қасбеті оңтүстікке бағытталып, есік қуысымен де ерекшеленген. Есік жақтауына таяу "Қосай, Сүйіндік, Қожабек ұлы Маңдай мен Жұлдыз осында жатыр, өмір сүрген жылдары (1743-1806) – деген жазуы бар тас қойылған жəне онда тас қойған Қарауылбек" - деп жазылған.
Ескерткіш 2004 жылы мемлекеттік тіркеуге алынған.<ref> М19 Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени ескерткіштерінің жинағы. Маңғыстау облысы. - Өскемен: AsT prime, 2012. - 600 бет. ISBN 978-601-06-2031-5</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер