Жұлдыздар қауымдастығы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Жұлдыздар қауымдастығы, жұлдыздар ассоциациясы – белгілі бір типке не спектрлік класқа жататын шашыраңқы жұлдыздар тобы. Қазіргі кезде бізге OB-қауымдастығы мен T-қауымдастығы белгілі болып отыр. OB-қауымдастығына О, ВО, В1 және В2 спектрлік кластарының ыстық алып жұлдыздары мен асқын алып жұлдыздары жатады. ОВ-қауымдастығында материяның өте тығыз аймағы болмайды. Бұл оның шашыраңқы және шар тәрізді жұлдыздар шоғырынан өзгешелігі болып есептеледі. ОВ-қауымдастығы Галактиканың қазіргі дәуірдегі жұлдыздар пайда болатын аймағы деп саналады. 20 ғасырдың 70-жылдарының басына дейін Галактикада ашылған ОВ-қауымдастығының саны 82-ге жетті. Олардың барлығы да 3,5 кпк-тен жақын қашықтықта (оның ішінде жартысы 1,5 кпк-тен қашықтықта) орналасқан. Галактикадағы ОВ-қауымдастығының жалпы саны 4000 болуы мүмкін деп есептелінеді. Т-қауымдастығының құрамына Т Торпақ типіндегі айнымалы жұлдыздар енеді. Т-қауымдастығының мөлшері (бірнеше ондаған пк) ОВ-қауымдастығына қарағанда кіші болып келеді. Олардың құрамында, әдетте, бірден бірнеше онға дейінгі Т Торпақ типті жұлдыздар болады. Тек Ориондағы Т-қауымдастығы бұдан ерекше болып келеді, ондағы нысандар саны 220-ға жетеді. 20 ғасырдың 70-жылдарының басында 30-ға жуық Т-қауымдастығы ашылды. Олардың барлығы да 0,5 пк-тен жақын қашықтықта орналасқан. Бұдан Галактикадағы Т-қауымдастығының саны ОВ-қауымдастығының санынан едәуір көп деп қорытынды жасауға болады. Кейбір ОВ-қауымдастығында Т Торпақ типіндегі жұлдыздар тобы да табылған. Сондықтан мұндай түзілістер әрі ОВ-қауымдастығы, әрі Т-қауымдастығы болып саналады. Жұлдыздар қауымдастығын тұңғыш рет академик В.А. Амбарцумян ашқан (1947). Жұлдыздар қауымдастығының жұлдыздардың Галактикада пайда болу ошағы ретінде ашылуы жұлдыздар мен жұлдыздар жүйелерінің дамуын зерттеудегі маңызды кезең болды. <ref> Қазақ энциклопедиясы, 4 том;Әдеб.: Амбарцумян В.А., Проблемы эволюции Вселенной, Ер., 1968. </ref>

Сілтеме

<references/>

{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Жұлдыздар қауымдастығы|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}