Жұлдыздар шоғыры

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Жұлдыздар шоғырышығу тегі бірдей, жасы мен химиялық құрамы жағынан бір-бірімен қарайлас және өзара тартылыс күші арқылы байланысқан жұлдыздар тобы. Жұлдыздар шоғырының диаметір бірнеше парсектен 150 парсекке дейін жетеді. Жұлдыздар шоғыры, тарихи тұрғыда, шашыраңқы Жұлдыздар шоғыры және шар тәрізді Жұлдыздар шоғыры болып екі топқа ажыратылады. Шашыраңқы Жұлдыздар шоғыры ондаған, кейде жүздеген (сиректеу мыңдаған) жұлдыздардан құралса, шар тәрізді Жұлдыздар шоғыры он және жүз мыңдаған жұлдыздардан құралған. Шашыраңқы Жұлдыздар шоғырына Үркер, Бесік, Гиадтар, т.б. шоқжұлдыздары, ал шар тәрізді Жұлдыздар шоғырына Тазылар шоқжұлдызындағы М3 шоғыры, Геркулес шоқжұлдызындағы М13 шоғыры жатады. Шашыраңқы Жұлдыздар шоғыры біздің Галактикадағы Құс жолының симметрия жазықтығында, яғни галактикалық жазықтықта (Күнмен салыстырғандағы орташа жылд. 20 км/с), шар тәрізді Жұлдыздар шоғыры орталығы біздің Галактиканың орталығынде жатқан сфералық көлемге (Күнге қатысты орташа жылдамдығы 170 км/с) тарала орналасқан. Герцшпрунг – Ресселл диаграммасын немесе “жұлдыздық шама – түс көрсеткіші” диаграммасын зерттеу арқылы Жұлдыздар шоғырының эволюциясы жөнінде маңызды деректер алуға болады.<ref>Қазақ энциклопедиясы, 4 том;</ref>

Сілтеме

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Жұлдыздар шоғыры|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}