Жұлдыздардың Спектрлік жіктелімі

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

'Жұлдыздардың спектрлік жіктеліміжұлдыздарды спектрінде анықталған айырмашылықтары бойынша класқа бөлу. 19 ғасырдың 2-жартысында жұлдыздарға жасалған спектрлік жіктелімдердің ішінде ең сәтті шыққаны – Гарвард жіктелімі. Оны 19 және 20 ғасырларда америкалық астроном Э.Кеннон жасаған. Бұл жіктелімнің негізіне атомның спектрлік сызықтарының не молекулалық жолақтардың қарқындылығы (интенсивтілігі) алынған. Мұнда жұлдыздардың үздіксіз спектріндегі энергияның таралуы ескеріледі. Жұлдыздардың спектрлік жіктелімі тәжірибелік деректерге негізделген темп-ралық жіктелімге жатады. Жұлдыздардың спектрлік жіктелімі әріптермен белгіленіп, температураның кемуіне қарай мына тәртіпте орналастырылады: О–В–А–Ғ–, мұндағы тармақтар жұлдыздардың химиялық құрамындағы айырмашылықты көрсетеді. Жұлдыздар бір кластан екінші класқа үздіксіз ауысып отырады. Спектрлік кластардың ішінде ондық бөліктер де болады, мыс., В0, В1, В2, ...., В9, АО, ... Барлық жұлдыздың 99%-і В – М спектрлік класына жатады. O, R, N, S класындағы жұлдыздар сирек кездеседі. О класы (t50000–30000 K). Бұл класқа спектрінің ультракүлгін бөлігі күшті білінетін өте ыстық жұлдыздар жатады. Мұндай жұлдыздардың спектрі, негізінен, иондалған гелий сызықтарынан тұрады. Бейтарап гелийдің, бірнеше рет иондалған азоттың, көміртектің, кремнийдің сызықтары да кездеседі. В класы (t30000 – 12000 K). Бұл класқа жататын жұлдыздардың спектрінде бейтарап гелийдің, иондалған оттектің және азоттың сызықтары болады. А класы (t11500–7700 K). Спектрлерінде Бальмер сериясына жататын сутек сызықтары көп кездеседі. F класы (t7600–6100 K). Спектрлердегі сутек сызықтарының қарқындылығы әлі де жоғары болып келеді, сондай-ақ онда иондалған металдар мен бейтарап металдардың көптеген сызықтары байқалады. Иондалған кальцийдің Н және К сызықтары өте қарқынды. G класы (t6000 – 5000 K). Металдардың күшті спектрлік сызықтарының ішінде, енді сутек сызықтары ерекше көзге түспейді. Н және К сызықтары өте қарқынды. Күн G2 класына жатады. К класы (t4900–3700 K). Н және К сызықтары, толқын ұз. 4227 сызығы және G жолағы өте күшті байқалады. М класы (t3600–2600 K). Бұл класқа жолақ спектрі бар қызыл жұлдыздар жатады. Әсіресе, титан тотығы жолақтары көзге ерекше түсіп тұрады. R класы (t5000–4000 K). Бұл кластың спектрі көп жағынан G5 – K5 спектрлеріне ұқсас. N класы (t3000–2000 K). Спектрдің қызыл жағымен күрт шектелген көміртек пен циан молекулаларын жұту жолақтары күшейе түсетіні байқалады. S класы (t3000–2000 K). Бұл кластың жұлдыздары М және N кластарының жұлдыздарына ұқсас болып келеді. Мұның үстіне бұл кластың спектрінде цирконий, иттрий және лантан тотықтарының жолақтары кездеседі. Жұлдыздардың спектрлік кластары жиі өзгереді. Жұлдыздардың спектрлері спектрофотометриялық әдістердің көмегімен анықталады. <ref> Қазақ энциклопедиясы, 4 том; Әдеб.: Курс астрофизики и звездной астрономии, под ред. А.А. Михайлова, 3 изд., т. 1, М., 1973. Т. Қожанов </ref>

Сілтеме

<references/>

{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Жұлдыздардың Спектрлік жіктелімі|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}