Жұбатырова Рахима Төлегенқызы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Жұбатырова Рахима Төлегенқызы (15.3.1943 жылы туған, Өзбекстан, Әндіжан қаласы) – әнші. Қазақстанның халық артисі. (1982; 1978 жылдан Қазақстанның еңбек сіңірген артисі), профессор (2001). Алматы консерваториясын (қазіргі Қазақ ұлттық консерваториясы) бітірген (1970). 1975 жылдан Қазақ опера және балет театрының әншісі, 1995 жылдан Қазақ ұлттық консерваториясында дәріс береді. Жұбатырова Қазақ опера және балет театрының сахнасында Сара (М.Төлебаевтың “Біржан – Сарасында”), Дана (Е.Г. Брусиловскийдің “Ер Тарғынында”), Гүлбаршын, Қамар (Е.Рахмадиевтің “Алпамысы” мен “Қамар сұлуында”), Ана (Ғ.Жұбанованың “Жиырма сегізінде”) Татьяна, Иоланта (П.И. Чайковскийдің “Евгений Онегині” мен “Иолантасында”), Марфа (Н.А. Римский-Корсаковтың “Патшаның қалыңдығында”), Аида, Амелия (Дж. Вердидің “Аидасы” мен “Балмаскарадында”), Мария Стюарт (С.Слонимскийдің осы аттас операсында), Маргарита (Ш.Гуноның “Фаустында”), Тоска, Чио-Чио-Сан (Дж.Пуччинидің осы аттас операларында), т.б. партияларды шебер орындап, қазақ опера өнерінің дамуына елеулі үлес қосты. “Астана” медалімен марапатталған (1998).<ref> Қазақ энциклопедиясы, 4 том; </ref>

Сілтеме

<references/>

{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Жұбатырова Рахима Төлегенқызы|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}