Жұбан Тасар
Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Тасар Жұбан (1937 жыл, Ақтөбе облысы Байғанин ауданы - 2014 жыл) - ақын.
- Алматы кооперативтік техникумын бітірген. Мамандығы экономист-бухгалтер.
- Ақтөбе, Маңғыстау облыстарының сауда саласында бас бухгалтер
- Маңғыстау облысының мемлекеттік мекемелерінде бас бухгалтер, ревизор, аудитор болып істеген.
- Ақтөбе, Маңғыстау облыстарында өткен ақындар айтысының жүлдегері.
- 1968 жылы Қазақ поэзиясының Қарақалпақстандағы күндеріне қатысып, бір топ өлеңдері сол елдің жүлдесімен аталып өткен.
- «Туған елім» атты жыр жинағы жарық көрген.
- Поэзиялық шығармалары «Маңғыстау ақын-жазушыларының» 50 томдығына, есімі «Маңғыстау энциклопедиясына» енгізілген.
- Публистикалық, әзіл-сықақ шығармалары республикалық, облыстық газеттерде жарияланған.
- Мемлекеттік мекемелердегі ұзақ жылғы адал еңбегі үшін мемлекеттің "Еңбек ардагері" медалімен, шығармашылық табыстары үшін Маңғыстау облысы әкімдігінің және Ақтау қаласы әкімдігінің Алғыс хаттарымен марапатталған.<ref>«Батыс Қазақстан облысы» энциклопедиясы, Алматы, 2002;</ref>
Дереккөздер
<references/>
Үлгі:Bio-stub {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}