Жұбаныш Байғұрынов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Жұбаныш Байғұрынов (21.11.1957. Ақтөбе қаласы) – журналист<ref>Қазақ телевизиясы. Энциклопедия. – Алматы: «ҚазАқпарат», 2009,1-т.–640 б.ISBN 978-601-03-0070-5</ref>. ҚазМУ-ді бітірген. Алға ауданы "Жұлдыз-Звезда" газетінде тілші, "Болат жол" аймақтық газетінде, кейінірек КСРО Мұнай және газ өнеркәсібі министрлігі жанындағы "Мұнайгаз құрылысы" институтының филиалында баспасөз қызметінде істеді. Ақтобе облыстық "Путь к коммунизму" газетінде аға тілші, бөлім меңгерушісі, бас редактордың орынбасары, бірінші орынбасары, бас редакторы, "Казахстанская правда" газетінің Актөбе облысы бойынша меншікті тілшісі қызметтерін атқарды. "Актөбе" ғылыми-тарихи анықтамалық-энциклопедиясын шығаруға қатысты. Мәдениет және ақпарат министрлігінің Құрмет грамотасымен, "Қазақстан Конституциясына 10 жыл" мерекелік медалімен марапатталды.

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}