Жұбаныш Аралбайұлы Аралбаев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Жұбаныш Аралбайұлы Аралбаев (26. 11. 1920 жылы туған, Қарақалпақстан, Шымбай ауданы1990, Алматы қаласы ) — тіл білімі маманы, филология ғылымдарының кандидаты (1949), доцент.

Қарақалпақ мемлекеттік мұғалімдер институтын (1937), Шымбайдағы педагогикалық институтты (1945) бітірген. 1937-1938 жылы мектепте мұғалімі. 1938-1939 жылы Шымбайдағы педагогикалық училищеде оқытушы. 1939—1940 ж. Кеңес Әскері қатарында қызмет етеді. 1940-1942 ж. Шымбай педагогикалық училищесінде мұғалімі, оқу бөлімі меңгерушісі. 1943-1945 жылдары. Қарақалпақ мұғалімдер институтының филология факультетінде аға оқытушы, декан. 1945-1961 ж. ҚазМҰУ-дың аспиранты, осы университетте оқытушы, қазақ және жалпы тіл білімі кафедрасының меңгерушісі болды. 1961 жылдан бастап өмірінің ақырына дейін А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтында экспериментальды фонетика бөлімінің меңгерушісі болып істеді. Академик І.Кеңесбаевтың жетекшілігімен "Қазіргі қарақалпақ тілінің фонетикалық жүйесі" деген тақырыпта кандидаттық диссертация қорғады. Қазақ және қарақалпақ тілдерінің фонетикасы жайлы 100-ге тарта мақалалар және екі-үш монографияның авторы.

Шығармалары:

  • Фонетическая система каракалпакского языка. АКД., А., 1949;
  • Учебник каракалпакского языка для русской школы (5—6кл.). Нукус, 1954;
  • Фонетика казахского языка. А., 1969;
  • Программа no истории и диалектологии. А., 1970;
  • Вокализм казахского языка. А., 1970;
  • Вопросы казахской фонетики и фонологии. А., 1971 (авт. бірі);
  • Қазақ фонетикасы бойынша этюдтер. А., 1988.<ref>Қазақ тілі. Энциклопедия. Алматы: Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстан даму институты, 1998 жыл, 509 бет. ISBN 5-7667-2616-3</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}