Жүсіп Дүйсенбаев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Жүсіп Дүйсенбаев (1895, қазіргі Форт-Шевченко қаласы – 1952) – ауыл шаруашылығы саласының қызметкері, Социалистік Еңбек Ері (1948). 1910 жылы күнкөріс қамымен Түрікменстанға қоныс аударған. 1931 жылы сол жаққа ауып барған қазақ отбасыларын жинап «Үш аджы» серіктестігін ұйымдастырып, кейін ол кеңшарға ауысқанда директоры болды. Бұл кеңшарда қаракөл қойы өсіріліп, республика бойынша үлгілі шаруашылыққа айналды. Қызыл Ту орденімен, «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған. Түрікменстандағы Байрам-Әлі уәлаяты «Үш аджы» орта мектебі, ауылда бір көше Дүйсенбаевтың атымен аталады.<ref>«Маңғыстау» энциклопедиясына, Компьютерлік-баспа орталығы, 2007 </ref> <ref>«Қазақ Совет энциклопедиясы» (12 томдық), Алматы, 1972 – 1978; </ref> <ref>Маңғыстау энциклопедиясы, Алматы, 1997; </ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Жүсіп Дүйсенбаев|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}