Жүсіпбек Басығараұлы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Жүсіпбек Басығараұлы, Жүсіпбек Басығарин (туған жылы белгісіз, Қызылорда облысы, Сұлутөбе қонысы – 1920, Ташкент) – ақын, аудармашы.

“Қыз балаларға” (1913), “Бозбалаларға” (1914), “Жас әйелдерге” (1914) атты дидактикалық өлеңдері “Айқап” журналында, “Ақымақтарға” (1913), “Өлең-жыр” (1914), “Интеллигент” (1914), т.б. өлеңдері “Қазақ” газетінде, “Жазушыларға” (1917), “Отағасы” (1917), “Неғып жатыр?” (1917) өлеңдері “Алаш” газетінде жарияланған. Жүсіпбек Басығараұлының публицистикалық мақалалары өте көп. Жүсіпбек Басығараұлы Нысанбай жыраудан "Кенесары - Наурызбай" жырын жазып алып, 1923 жылы Мәскеудегі Күн Шығыс баспасынан шығарған. 1926 жылы Мәскеуден Жүсіпбек Басығаринның құрастыруымен "Тазша (өтірік сөздер, өлеңдер)" кітабы басылып шыққан. "Тазша батаның қырық өтірігі" аталатын қазақ ертегісі тұңғыш рет осы жинақта жарияланған. Халық ауыз әдебиеті үлгілерін жинау ісіне де елеулі үлес қосқан. Нысанбай жыраудан “Кенесары – Наурызбай” жырын жазып алған. Бұл жыр 1923 жылы Мәскеудегі Күншығыс баспасынан Н.Төреқұловтың алғы сөзімен жарыққа шыққан. 1926 жылы Мәскеуден Жүсіпбек Басығараұлының құрастыруымен “Тазша (өтірік сөздер, өлеңдер)” кітабы басылып шыққан. “Тазша баланың қырық өтірігі” аталатын қазақ ертегісі тұңғыш рет осы жинақта жарияланған. Төреқұлов, Х.Досмұхамедов, А.Байтұрсынов, М.Шоқай, Сұлтанбек Қожанов, Ғ.Мұратбаев, т.б. қоғам қайраткерлері Жүсіпбек Басығараұлының шығармашылық еңбегін жоғары бағалап, оған қолдау көрсетіп отырған. Ақынның әдеби мұрасы арнайы зерттелмеген.<ref>“Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998, ISBN 5-89800-123-9</ref><ref>Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.ISBN 9965-26-096-6</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}