Жүнісбек Жұмабеков

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Жұмабеков Жүнісбек (07.01.1927, Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Малыбай а. – 04.04.1980, Алматы қ.) – тарих ғылымдарының докторы (1971). Алматы заң институтын (1949) бітірген. 1949–55 ж. осы институтта оқытушы, кафедра меңгерушісі, Семей малдәрігерлік институтында (1955–58), 1958 ж. Қазақ физкультура институтында (қазіргі Қазақ спорт және туризм академиясы) кафедра меңгерушісі, Жоғары және арнаулы орта білім министрлігінің қоғамдық ғылымдар бөлімін басқарды (1966–67). ҚазПИ-дің (1974–80, қазіргі ҚазҰПУ) ректоры болды. «Руководство КОКП вовлечением трудового крестьянства Казахстана в строительство социализма (1926–1932 г.)» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғаған. «Құрмет Белгісі» орденімен және медальдармен марапатталған.

Дереккөздер

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Жүнісбек Жұмабеков|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}