Жүндітөбе қалашығы

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Көне қалашық Жүндітөбе қалашығыЖамбыл облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енген археология ескерткіші.

Орналасқан жері

Мойынқұм ауданы, Ынталы ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 7 км жерде, Шу өзенінің ескі арнасының оң жағында орналасқан.

Зерттелуі мен сипаты

Ескерткішті 1980 жылы Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану мұражайы экспедициясы (К. Байбосынов) анықтап, зерттеген. 1986 жылы Қазақ Ұлттық Университетінің Археологиялық Экспедициясымен (жетекшісі М. Елеуов) сызба жобасы түсіріліп, екі жерден қазба жұмыстары жүргізіліп, қыш материалдар алынған.
Қалашық тік бұрышты бұрыштары өте мүжілген үш қатарлы алаң, жарыққа бағытталған, көлемі батыстан шығысқа қарай 145 м және солтүстіктен оңтүстікке қарай 60-80 м, биіктігі 4 м-ге дейін.
Қамал батыс бөлігінде орналасқан. Көлемі төменгі жағынан 60х60 м, үстіңгі жағынан 30х40 м, биіктігі 4 м. Қамалға шығыс жағынан көлемі 40х80, биіктігі 2 м, қоршалған үймөк ені – төменде 5-6 м, биіктігі 1 м алаң жалғасады. Кіреберіс оңтүстік жағында және шығыс жағында мұнарамен қалқанаған.
Екінші алаңға шығыс жағынан көлемі батыстан шығысқа қарай 92 м және солтүстіктен оңтүстікке қарай 85 м, биіктігі – 1 м үшінші алаң жалғасады.
Қатпар тереңдігі мен мерізімін анықтау үшін екі тік қазу жүргізілді.
Бірінші тік қазу екінші алаңдағы қалындығы 4,8 м-лік екі кезеңге жататын мәдени қатпарды тесіп өтті. Бірінші, ерте кезеңіне жақпарларсыз 1,75 м қалыңдық жатады. Ол бос ағаш, күл, топырақ қатпарларынан тұрады. Екінші кезеңге (X-XII ғғ.) 3,05 м қалыңдық жатады. Ол едендердің 5 деңгейінен – №1, 2, 3, 4, 5 тұрады. Үшінші алаңға жүргізілген тік қазу 1,75 м жердегі мәдени қатпарды тесіп өтті. Ол құлама топырақтан, бос күл аралас сары топырақтан (VIII-X ғғ.) тұрады.<ref>С25 Қазақстан Республикасының тарих және мәдениет ескерткіштерінің жиынтығы. Жамбыл облысы. – Алматы: РМК "ММЕ ҒЖЗИ", 2002. – Т.2. – 364 б, карталар, ил. ISBN 9965-13-615-7</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Үлгі:Навигациялық кесте