Жүйелеу (жантану)

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Жүйелеу — бір ретпен тұтастықты құрайтын қатардағы элементтердің жиынтығы, ойлау операцияларының бірі. Жүйелеудің белгілері:

  • екеуден шексіздікке дейінгі құрылымы;
  • элементтердің қатынасы;
  • жүйелілікті түзуші факторлардың тұтастық байланысы.

Психологиялық жүйенің компоненттері мақсаттар, үрдістер, жағдаяттардан тұрады. Жүйелеу — жалпылау арқылы шындықтағы заттар мен құбылыстарды белгілі бір принципке орналастырудан тұратын ойлау операциясы. Жүйелеудің жоғары түрі топтастыру (классификациялау). Жүйелі талдау — құбылыстар мен объектілерді, әр түрлі құрылымдарды бөліп көрсету арқылы, оның тұтастығын көрсету тәсілін іздестіру.<ref>Жантану атауларының түсіндірме сөздігі. — Алматы: "Сөздік-Словарь", 2006. - 384 бет. ISBN 9965-409-98-6</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}