Жүзіктің атаулары

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сақина - саусаққа салатын бұйым.

Ақық сақина - кішкентай ақық қондырылған сақина.

Балдақ сақина - сақинаның саусақ үстіне қараған беті төрт бұрыш болып келетін түрі.

Бұрма сақина - алтын, күмісті есіп жасаған сақина.

Жез сақина - саусаққа салу үшін емес, қамшы, найза, пышақ, қылыш бекіту үшін жасалған мыс шығыршық.

Кавказ сақина - қара ала өрнекті сақина түрі.

Алтын сақина - таза алтыннан соғылған сақина.

Күміс сақина - таза күмістен құйып жасаған сақина.

Құсмұрын сақина - үсті дөңестеу келген сақина түрі.

Мыс сақина - мыстан жасалған ортанқол сақина.

Неке сақинасы - жас жұбайлардың үйлену тойында бір-біріне сыйлайтын сақинасы.

Сақинек - пышақ, қылыш т.б. құралдардың сапқа жетесі сұғылатын жерін қысып тұру үшін мыс не күмісен жасалатын балдақ, мойнақ.

Сіркелі сақина - бетіне ұсақ түйіршіктерден сірке өрнек салған сақина.

Тасты сақина - тас, шыны орнатқан сақина.

Құдағи жүзік - ертеректегі салт бойынша қыз шешесінің құдағиына сыйлайтын қос дөңгелекті, үсті тұтас қомақты, асыл тастардан көз қондырылып, алтынмен қапталған қымбатты бұйым. Мұны қыздың шешесі зергерге арнайы жасатады да, екі жастың қатар тұрған қос балдақ, сақина тәрізді қартайғанша бірге өмір сүруін тілейліндігінің белгісі ретінде тартады.

Дереккөздер

  • “Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998
  • "Ұлттық атаулар - халық мұрасы"/Ә.Сүлейменова, Ү.Қарасайұлы - Шымкент,1999


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Жүзіктің атаулары|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}