Жіңішке пленкалы кино

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Жіңішке пленкалы кино – ені 16-8 мм-дн аспайтын пленкаға кино түсіруге және оны көрсетуге арналған кинематографияның саласы.<ref>Тұрсын Қ., Нұсқабайұлы Ж. Теледидар сөздігі – тележурналист анықтамалығы. Оқу құралы. –Алматы, «Білім», 2001. – 380 бет. ISBN 9965-09-033-5</ref>

Кейінгі кездерде ол 2 х8 мм-лік пленкаға да түсіріледі. Әдетте жіңішке пленкалы кино 35 мм-лік фильмнен кішірейтіп басу арқылы жасалады. Фонограмма да 16 мм-лік пленкаға қайта жазылып, кескін түсірілген пленкаға беттестіру тәсілі арқылы көшіріледі. Кейде ғылыми-көпшілік, хроникалық, әуесқойлық т.б. фильмдер 16 немесе 8 мм-лік пленкаға тікелей түсіріле береді.

Тұрсын Қ., Нұсқабайұлы Ж. Теледидар сөздігі – тележурналист анықтамалығы. Оқу құралы. –Алматы, «Білім», 2001. – 380 бет. ISBN 9965-09-033-5

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}