Жіңішкежапырақты сетен
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Үлгі:Taxobox Жіңішкежапырақты сетен (Үлгі:Lang-la) – астралылар тұқымдасына жататын көп жылдық бұташықты өсімдік. Қазақстанда Қаратаудың тасты, тастақты беткейлерінде кездеседі. Биіктігі 1 м-дей. Жапырақтарының ұзындығы 1 – 3 см, сағақты, қалың түк басқан, екі не үш рет ойықты тілімденген, жоғарғы жағындағылары ұсақ, көбінесе жиектері тұтас болады. Гүлдері қос жынысты, сары түсті, олар күрделі шатырша пішінді қалқан құрайды. Тұқымынан көбейеді. Шілде – тамыз айларында гүлдеп, қыркүйекте жемістенеді. Тұқымы қырлы, ұзындығы 3 мм-дей, айдаршасы оймақ тәрізді. Сәндік үшін өсіріледі. Жіңішкежапырақты сетен – өте сирек кездесетін реликт түр, сондықтан қорғауға алынып, Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген.<ref>"Қазақ Энциклопедиясы"</ref>