Жіптіктей

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Жіптіктей. 10 томдық түсіндірме сөздігіміздің ұғындыруы бойынша, жіптіктей мағынасы «сыптығыр етіп ширатылған жіңішке жіп немесе сол сияқты басқа бір зат; талшық; жіп-жіңішке» делінген де, мысалға мына сөйлемді келтірген: «Ол жіптіктей болып, ордың ішінде тұр екен» (Ә. Нұршайықов, Батыр.). Ал 1959—61 жылдары шыққан екі томдықта: жіптіктей — тәп-тәуір, теп-тегіс, ып-ықшам, әп-әдемі, сымбатты мағынасында түсіндірілген де, «Түтіктің аузы дөп-дөңгелек, орта белінен жоғары жері жіптіктей туп-түзу қырлы екен (Иманжанов)» деген мысал берілген. Осы екі түсініктің кайсысы дұрыс деп талдап, сарапқа салу, дәл қазір, біздің міндетіміз емес. Ол туралы төрелікті оқырмандар айтқаны лазым.

Өз міндетіміз — «жіптіктей» сөзінің тарихи дамуына бет бұрсақ, дәл осы тұлғаға сәйкес сөзді тек якут тілінен табамыз, бірде: сөптөөх — тұрарлық, лайықты, қолайлы мағынасың берсе (Як.-рус. сл., 336); екінші бір — «чэбдик» дыбыстық құрамдағы сөз — дені сау, ширақ, сергек, күшті іспеттес мағыналарында қолданылады. (Як.-рус. сл., 516).

Біздің шамалауымызша, қазақ тіліндегі «жіптіктей» сөзі осы якут тіліндегі тұлғалармен дыбыстық құрамы әрі мағына жағынан қабысып, жағысып жатқандай. Якут тіліндегі «сөптөөк» сөзі және оның мағынасы алғашқы болса керек те, ал «чебдик» тұлғасы мен оның, мағынасы кейін пайда болған деп жорамалдаймыз. Өйткені алғашқы сездің түбірі «сеп», ал мағынасы — дұрыс, жақсы, жарамды деген ұғымға нұсқайды.

Якут тілінің өзінде дыбыс сәйкестігі нәтижесінде алғашқы бір түбірдің өзгеріске түскенімен жалпы ұқсастығын жоймай, мағына жағынан да бірі екіншісінің салдары, нәтижесі екендігі байқалады. Ал қазақ тілі қолданылуында якут тіліндегі туынды түбір «сөптөөк» не «чэбдик» тұлғасына сын есім жұрнағы -тей қосылып, «сөптөөктей», «чэбдиктей» тұлғаларын тудырып, тіліміздегі заңдылыққа сәйкес «жіптіктей» қалпына жеткен. Мағына жағындағы өзгеріс онша алшақ кетпеген.<ref>Бес жүз бес сөз.— Алматы: Рауан, 1994 жыл. ISBN 5-625-02459-6</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}