Жібек жолы (Жамбыл облысы)

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Елді мекен-Қазақстан Жібек жолыЖамбыл облысы Байзақ ауданы Жаңатұрмыс ауылдық округінің құрамындағы ауыл.

Тарихы

1948-1949 жылдары тауық фермасы болып құрылып, "Құс фабрикасы" деп аталған. Жасанды көл жасалынып, үйрек, қаз, тауық, тағы басқа да құстар өсірілген. Жертөле тамдар соғылып, адамдар сонда тұрған. Кейінірек көше сызылып, жаңа үйлер соғылған. Ауылға негізінен орыс, неміс ұлтының өкілдері қоныстанған.

"Құс фабрикасы" жабылғаннан кейін, "Мал бордақылау" кеңшары ұйымдастырылып қой, шошқа, жылқы, сиыр бордақыланған, ет дайындаумен айналысқан. Мал бордақылау кеңшары 1977 жылы Ленинск ауылына көшіріліп, ауылды Үшбұлақ жүзім кеңшарына қосып жіберген. Ауыл 1958 жылдан бастап, көрші ауыл аты (қазіргі әскери гарнизон Королевка) - ғалым С.П.Королевтың атымен аталған. 1991 жылы Кеңес үкіметі ыдырағаннан кейін кеңшарлар тарады. Сол уақытта Королевканың жері Жаңатұрмыс ауылдық округінің құрамына енді. Королевка ауылы Ұлы Жібек жолының бойында орналасқандықтан, 1997 жылы Жібек жолы аты берілген. <ref>Жамбыл облысының опономикалық атауларының анықтамалығы</ref>

Географиялық орны

Аудан орталығы - Сарыкемер ауылынан солтүстік-шығысқа қарай орналасқан.

Халқы

Тұрғыны 0,3 мың адам (2009).

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Үлгі:Kz-geo-stub Үлгі:Байзақ ауданы елді мекендері