Жібек Ерубайқызы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Жібек Ерубайқызы (1910 жылы туған, Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Балықшы ауылы) - халық ақыны.


Жасынан жетімдік, жоқшылық көріп, зарлы өлең, сын-сықақ жырлар шығарған. Ақынның бір топ өлеңдері ("Қазақстан әйелдері" 1965, № 5) және белгілі ақын К.Жүсіпбековпен айтысы ("Айтыс" 3-т, 1966) баспа жүзін көрген. Бұл айтыс 8-сыныпқа арналған "Қазақ әдебиеті" оқулығында (Қ.Жұматиев, 1969) талданған. Көптеген өлең, жыр, толғаулары кезінде жазылып алынбаған.<ref>“ Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.ISBN 9965-26-096-6</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Stub: Қазақ әдебиеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}