Жібек Бекіманқызы Досбай
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Жібек Бекіманқызы Досбай (1963 жылы туған, Маңғыстау облысы) – ғалым, филология ғылымдарының кандидаты (2005). ҚазМУ-ды бітірген. Сенек, Аққұдық ауылында клуб меңгерушісі (1981 – 88), Алматы қаласындағы энергетика институтында оқытушы (1988 – 94), ҚР Ұлттық ғылым академиясының Әдебиет және өнер институтында лаборант, кіші ғылыми қызметкер және ғылыми қызметкер (2000 – 06), 2006 жылдан «Мектеп» баспасында редактор, аға редактор қызметінде.<ref>«Маңғыстау» энциклопедиясына, Компьютерлік-баспа орталығы, 2007 </ref> <ref>Маңғыстау энциклопедиясы, Алматы, 1997; </ref> <ref>«Қазақстан» ұлттық энциклопедиясы (10 томдық), Алматы, 1998 – 2007. </ref>
Дереккөздер
<references/>