Жыға танымау

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Орфографиялық сөздікте болмаса да, қазіргі түсіндірме сөздікте — дәл кім екенін жақсы танымау мағынасын беретіндігі көрсетілген. Тіркестегі «жыға» сөзі қазіргі қазақ тілінде жеке, дербес қолданылмайды. Алайда, басқа түркі тілдерінде, оның ішінде якут тілінде «жыға» сөзімен тұлғалас «ыга» жеке тұрып — күшті, ете мықты сияқты үстеу мағыналарын береді. «Жыға» сөзімен «ыга» тұлғасын салыстыра қарауда, тілдегі тағы бір заңдылықты еске салмаса болмайды. Якут тілінде бізбен ортақ кейбір сөздердің бастапқы дыбысы түсіріліп айтылады. Мысалы, қазақша «сегіз», якут тілінде «ағыс» тұлғасында ұшырасады. «Жыға танымау» тіркесінің мағынасы, дәлірек айтсақ, «мықты танымау», «өте танымау» болады екен: «Есжан..., мені жыға танымады» (А. Ханкелдин, Өткен күн).<ref>Бес жүз бес сөз.— Алматы: Рауан, 1994 жыл. ISBN 5-625-2459-6</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}