Жынысты табиғи тоңдату

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Жынысты табиғи тоңдату, мұздату (сібір тәсілі)өзен арнасында, өзен аңғарында, қорысты жыныстарда 5—20 м тереңдікке дейін барлау шурфтарын жүру әдісі. Тәсіл қыс айларында ауа температурасы төмен болған кезде қолдануға негізделген. 2—3 күн бойы қазбаның үңгубетіндегі тау жыныстарын мұздатып қатырады да, содан кейін мұздаған қалындыққа сәл жеткізбей үңгіп тереңдетеді. Осы тәсілмен қайталап отырып жобаланған тереңдікке дейін барлау шурфы жүреді. <ref> Орысша-қазақша түсіндірме сөздік. (Тау-кен ісі, кен байыту және металлургия салалары бойынша) Жалпы редакциясын басқарған Ә. Бектібаев. Алматы: Ғылым, 1999.ISBN5—628—00001—9 </ref>.

Дереккөздер

<references/>