Жылқышы Зәкірбайұлы Бекбаев
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Бекбаев Жылқышы Зәкірбайұлы (1939, Маңғыстау ауданы Таушық ауылы – 1993) – дәрігер. Алматы медицина институтын (қазіргі Қазақ ұлттық медицина университеті) бітірген (1962). 1962 – 93 ж. Маңғыстау ауданы сан-эпидемиология ст-нда, Жыңғылды учаскелік емханада бас дәрігер қызметін атқарған. Еңбек Қызыл Ту (1986) орденімен, ҚР «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» (1964), «В.И. Лениннің туғанына 100 жыл» (1970) мерекелік медалімен марапатталған.<ref>Маңғыстау энциклопедиясы, Алматы, 1997; </ref>
Дереккөздер
<references/>