Жылу тасымалдағыш

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Жылу тасымалдағыш, жылу тасығыш – жылу алмасу процесін іске асыру үшін қолданылатын, қозғалыста болатын сұйық немесе газ тәрізді орта. Жылу тасымалдағыш ретінде су, су буы, газдар, сұйық металдар, хладондар қолданылады. Жылу тасымалдағыштар жылу беру процесінде өздерінің агрегаттық күйін өзгертуі (қайнайтын сұйықтықтар, конденсацияланатын бу) немесе өзгертпей сақтауы (қайнамайтын сұйықтықтар, конденсацияланбайтын газдар) мүмкін. Бірінші жағдайда жылу тасымалдағыш температурасы өзгермейді, ал екіншісінде өзгереді (төмендейді немесе жоғарылайды). Ядролық реактордағы жылу тасымалдағыш – ядролар бөліну реакциясы нәтижесінде бөлінетін жылуды активті зонадан шығаратын сұйық немесе газ тәріздес заттар. Жылулық реакторларда кең тараған жылу тасымалдағыш: кәдімгі су мен ауыр су, су буы, газдар (сутек, көміртек диоксиді), органик. сұйықтықтар. Шапшаң реакторларда жылу тасымалдағыш ретінде сұйық металдар мен газдар пайдаланылады. <ref> Қазақ энциклопедиясы </ref>

Сілтемелер

Дереккөздер

<references />

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Жылу тасымалдағыш|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}