Жылпостық

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Жылпостық — адам мінезіндегі ұнамсыз сипат. Өмір тіршілігіңде жылпостық мінез сипаты ретінде ұнамсыз жақтарымен бірге, ұнамды да пайдалы жақтары бар. Мысалы, жылпостықтағы жылпың, тайып кету, қошеметшілдік пен жағымпаздану сияқты мінездің жағымсыз ерекшеліктері барлық адамдарға бірдей ұнай бермейді. Жылпостық — ерекшеліктері ептілік, ыңғайлылық, пысықтық сол адам мінезіндегі ұнамды сипаттар. Жылпостық мінез сипатын білдіретін түрлі мағынада қолданыла береді. Сондай сипаттың бірі жылпың. Бұл шапшаң да епті қимыл-қозғалысты білдіретін қасиет. Жылпостықтың адамға тән тағы бір ерекшелігі жалпылдақ — мінездегі епті, ділмәр, асты-үстіне түсетін, қошеметшіл. Жылпостық мінез көрінісінде сыпсыңдау, қошеметтеу, асты-үстіне түсу, қутыңдау сияқты ерекшеліктер де болады. Мұндай ерекшеліктер адамның мінез-құлқындағы тіршілік жағдайы мен өмір тәжірибесінде қалыптасатын сипаттар. Ондай сипаттар белгілі жағдайлар мен адамдар арасындағы қарым-қатынаста әрқилы мән-мағынада қабылданып, түрліше бағалануы мүмкін. Дегенмен мінездегі жылпостық көпшілік жағдайда ұнамсыз қасиет деп бағаланады.<ref>Жантану атауларының түсіндірме сөздігі. — Алматы: "Сөздік-Словарь", 2006. - 384 бет. ISBN 9965-409-98-6</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}