Жылан таран

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Taxobox Жылан таран (Үлгі:Lang-la) – тарандар тұқымдасына жататын, көп жылдық, шөп тектес өсімдік.

Сипаты

  • Биіктігі 1 метрге жуық.
  • Тамыры жуан, жылан тәрізді, өсімдіктің толып жатқан қосымша тамырлары бар. Тамырынан бұтақтары жоқ жалаң 1-2 түзу сабақ өсіп шығады.
  • Сабақтары ұзын, биік, көптеген отырмалы ұзынша жапырақтары бар.
  • Тамырдан өсіп шыққан жапырақтары ірі, сопақша келген. Жоғарғы жағындағы жапырақтарының сағақтары қосымша жапырақшалармен бірігіп, түтікке айналған.
  • Гүлдері қызыл түсті, сабақтарының ұшында ұзындығы 6 сантиметрлік масақ жасап шоғырланып тұрады. Гүлдерінің аңқыған иісі бар. Мамыр-маусым айларында гүлдейді.
  • Жемісі - қара қоңыр түсті үш жылтыр жаңғақша.
  • Жылан таран шабындықтарды, батпақты жерлерде, шөптердің арасында, орман шетіндегі алаңдарда өседі.

Емдік қасиеті

Құрамында 25% -ке жуық илік заттар, дәрумендер, А провитамині бар.
Жылан тараннан жасалынған дәрілерді ішек қабынғанда емдеу үшін, әсіресе тоқ ішектің ауруларына қарсы пайдаланады. Іш өткенде және жатырдан немесе асқазаннан қан кеткенде, өт және несеп жолдары қабынғанда, асқазан мен ұлтабарға жара түскенде қолданады.
Дене сыртындағы қанталап тұрған және іріңді жараларды емдеу үшін де пайдаланады.
Дәрілік мақсат үшін өсімдіктің тамырын тамыз-қазан айларында қазып алып, жуып тазалайды. Оны сабағы мен қосымша тамырынан, жапырақтарынан пышақпен ажыратып, 10 сантиметрлік бөліктерге бөліп, кептіріп алады.<ref>Қазақстанның дәрілік өсімдіктері. Іскендіров Әбіш. Алматы "Қазақстан" 1982, 188 бет.</ref>

Тағы қараңыз

Дереккөздер

<references/>