Жыланды (Атырау облысы)

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Елді мекен-Қазақстан Үлгі:Мағына Жыланды Атырау облысының Құрманғазы ауданындағы ауыл, Дыңғызыл ауылдық округінің орталығы. Аудан орталығы – Ганюшкин ауылынан батысқа қарай 50 км жерде, Каспий маңы ойпатының оңтүстік-батысындағы шөлдік белдемнің шағылды құм арасында орналасқан.

Іргесі 1962 ж. осы маңдағы ұсақ ұжымшарларды біріктіру негізінде Құрманғазы атындағы қой кеңшарын құруға байланысты қаланды. 1996 жылдан оның негізінде Жыландыда 26 шаруа (фермер) қожалықтары және 1 өндірістік кооператив жұмыс істейді.

Халқы

Тұрғыны 1876 адам (2009).<ref>2009 жылғы Қазақстан Республикасы халық санағы. Қазақстан Республикасының Статистика агенттігі.</ref>

Инфраструктурасы

Жыландыда орта мектеп, клуб, кітапхана, дәрігерлік-амбулаторлық пункт бар. Ауыл арқылы АтырауАстрахан темір жолы және автомобиль жолы өтеді.

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер Үлгі:Kz-geo-stub Үлгі:Құрманғазы ауданы елді мекендері