Журналистің міндеті

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Журналистің міндеті. (Қазақстан Бұқаралық ақпарат құралдары туралы Заңына сәйкес (23 шілде 1999 жыл) 21-бап) Қазақстан Республикасының заңдарын басшылыққа ала отырып,

1) өзі шарттық қатынастарда тұрған бұқаралық ақпарат құралының қызмет бағдарламасын жүзеге асыруға;

2) шындыққа сәйкес келмейтін ақпаратты таратпауға;

3) ақпарат ұсынған адамдардың авторлығын көрсету туралы олар жасаған өтініштерді қанағаттандыруға;

4) жеке және заңды тұлғалардың заңды құқықтары мен мүдделерін құрметтеуге;

4-1) азаматтармен сұхбат жүргізген кезде дыбыс немесе бейнежазбаны пайдалануға келісім алуға;

5) ҚР-ның заңдарына сәйкес өзіне жүктелген өзге де міндеттерді орындауға міндетті. {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}