Жуантөбе (Ерейментау)

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Жуантөбе –

  1. Ерейментау тауының орталық бөлігіндегі тау. Теңіз комитетінің солтүстік-батыс жағында 10 – 12 километр жерде орналасқан.
    • Абсолюттік биіктігі 370 м,
    • Ұзындығымен ені 1,5 – 2 километр

Таудың шығысында 3 километр жерде Тойғанкөл көлі жайласқан. Беткейі көлбеу, аз тілімденген, тау басына жақын жерде түпкі жыныстар бетіне шығып жатыр. Солтүстік, шығыс және оңтүстік беткейлері етегінде сор жерлер көптеп кездеседі. Девонның жыныстарынан түзілген. Оның бетін делювийлі-пролювийлі шөгінділер жапқан. Күңгірт қоңыр топырағында бетегелі-боз өсім- діктер өседі;

  1. Ерейментау тауының оңтүстікндегі сопақ пішінді тау. Қараағаш өзенінің оң жағалауында, Бозайғыр тауының Солтүстік шетінен батысқа қарай 7 километр жерде орналасқан.
    • Абсолюттік биіктігі 554 м,
    • Ұзындығы мен ені 1,5 – 2 километр

Беткейлері тік құлама келген. Солтүстік беткейінде түпкі жыныстар жер бетіне шығып жатыр. Оның бетін коллювийлі-делювийлі шөгінділер жапқан, девонның жыныстарынан түзілген. Нашар дамыған күңгірт қоңыр топырағында қараған мен тобылғы аралас, бетегелі-боз өсімдіктер өскен.<ref name="Source 1">Қазақ Энциклопедиясы</ref>


Пайдаланылған cілтемелер

<references/>

{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Жуантөбе (Ерейментау)|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}