Жоңғар аюқұлағы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Taxobox Жоңғар аюқұлағы (Үлгі:Lang-la) – сабынкөктер тұқымдасына жататын сиырқұйрық түрі. Бұл өсімдік Тянь-Шянь, Жоңғар Алатауы, Тарбағатай және Алтай тауларында өседі. Бұл өсімдік кез келген жерде өседі, әсіресе ескі мал тұрақтарында қаптап өседі. Екі жылдық өсімдік, мықты 150 см-ге дейін. Жапырақтары ірі ұзындығы 35 см, ені 10 см. Тегіс түктері ақшыл түс береді. Сабағындағы жапырақтарының ұш жағы кішірейген, отырыңқы. Гүлдері 3-6-дан, бір-біріне жақын шоқтарға орныққан. Аталықтары қысқа, түйін екі ұялы, жуан бағаналы. Аюқұлақ мамыр-маусымда гүлдейді, ұсақ тұқымдары маусымның аяғынан тамызға дейін пісіп, жетіледі, гүлдері халық медицинасында жүрек, буын ауруларын емдеуге, жапырағынан алынатын шырыны мен ұнтағы жараны және ісікті емдеу үшін колданылады. Тамыры мен гүлдерінен жүнді бояу үшін түрлі бояулар алынады. Кейбір жерлерде зиянды жәндіктерді жою үшін пайдаланады. <ref>А. А. Иващенко. Қазақстан өсімдіктер әлемі. Алматыкітап баспасы, 2012.</ref>

Дереккөздер

<references/>