Жорық белбеуі
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Жорық белбеуі – дәстүрлі қазақ қоғамында жауынгерге арнап жасалатын белбеу, белдік. Жорық белбеуі жібектен, жүннен тоқылған маталардан және былғары, қайыстан жасалған. Оны қоламен, мыспен, жезбен, алтынмен, күміспен оймыштап, әдемі доғабастармен, салпыншақтармен, бастырмалармен ажарлайтын болған. Жорық белбеуіне қынапты семсер немесе қылыш, қынды пышақ, оқ-дәрі, білте салатын, сіріден, былғарыдан жасалған құты, қалталар байланған.<ref> Қазақ энциклопедиясы, 4 том; </ref>
Сілтеме
<references/> Үлгі:Stub Үлгі:Wikify Үлгі:Суретсіз мақала