Жолбарыс Торыұлы

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Тұлға Жолбарыс Торыұлы (1785–1874) — Жетіру бірлестігіне кіретін Табын руының Тарақты бөлімінен шыққан батыр, XIX ғасырдағы қазақ даласындағы қоғамдық-саяси оқиғаларға қатысқан, Батыс Қазақстан өңірінде өмір сүріп, отарлық саясат кезеңіндегі жергілікті қоғам өмірінде белгілі рөл атқарған тарихи тұлға, архивтік деректерде батыр әрі старшын дәрежесіне ие болғаны көрсетілген қайраткер.<ref name=":0">Үлгі:Cite web</ref>

Халық арасында Жолбарыс батырдың елін және жерін сыртқы жаулар мен барымташылардан қорғаған ерліктері, қайраттылығы мен аруақтылығы туралы көптеген аңыз-әңгімелер сақталған. Ол өз заманында көзсіз батырлығымен және ерекше күш иесі ретінде елге танымал болған.<ref name=":0" />

Өмірбаяны

​Жолбарыс Торыұлы 1785 жылы қазіргі Батыс Қазақстан облысы, Бөрлі ауданы, Бақтыарал ауылында дүниеге келген. Оның ата-бабалары әскери ерлігімен танылған тұлғалар болған. Атасы Бекболат батыр Жайық бойында қалмақтармен болған шайқастарға қатысып, батыр атағын иеленген. ​Әкесі — Торы (кейіннен халық арасында Байторы атанған). Отбасындағы бірнеше ұлдың кенжесі болған Жолбарыстың ерекше күш-қайраты туралы халық аңыздарында көптеген деректер сақталған. Соның ішінде оның құдыққа түсіп кеткен ірі қараны немесе жылқыны жалғыз өзі шығарып алатындығы айтылады.

​Батырдың қыстауы Бақтыарал өңірінде орналасса, жайлауы Көншібай, Байжиен және Қоскемпір сайы маңындағы жерлерді қамтыған.

​Жолбарыс Торыұлы 1874 жылы 89 жасында дүниеден өткен. Батырдың сүйегі қазіргі Кеңтүбек ауылдық округі аумағындағы Түйеші көлінің жағасында, Ақсай қаласының маңында жерленген.<ref>Үлгі:Кітап</ref>

Тарихи кезеңі және қызметі

​XVIII–XIX ғасырларда Ресей империясының қазақ даласын отарлау саясаты әскери бекіністер мен казак шептерін салу, әкімшілік реформалар енгізу және қазақ жерлерін империя құрамына толықтай қосу бағыттарында жүргізіліп, бұл жағдай жергілікті билер, сұлтандар мен ру басыларының наразылығын тудырды. Жолбарыс Торыұлы осы күрделі тарихи кезеңде өмір сүріп, XIX ғасырдағы әлеуметтік-саяси оқиғаларға белсенді қатысқан, батыр әрі старшын лауазымдарына ие болған тарихи тұлға ретінде танылды. Ол 1823 жылы Жоламан Тіленшіұлы бастаған көтеріліс кезінде Ресей шебіне жасалған шабуылдардың біріне қатысып, кейіннен ел басқару ісіндегі белсенділігі үшін 1847 жылы Орынбор шекара комиссиясы тарапынан марапатталып, 1854 жылы Анна лентасындағы күміс медальға ұсынылған.<ref>ҚР Орталық мемлекеттік архиві, 4-қор, 1-тізбе, 2725-іс</ref><ref>Орынбор мемлекеттік архиві, 6-қор, 10-тізбе, 5551-іс</ref><ref>Үлгі:Cite web</ref>

Естелік

Батыс Қазақстан облысының Ақсай қаласында «XIX ғасырдың бірінші жартысындағы Батыс Қазақстан облысының әлеуметтік-экономикалық жағдайы және Жолбарыс Торыұлы батырдың өмірі» атты халықаралық ғылыми конференция ұйымдастырылып, тұлғаның тарихи рөлі ғылыми айналымға енгізілді.<ref>Үлгі:Cite web</ref><ref>Үлгі:Cite web</ref><ref>Үлгі:Cite web</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер