Жойқын жарылыс

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сурет:Expansion de l'univers 2.gif
Ғаламның кеңеюі
Сурет:Universe expansion2.png
Жойқын жарылыс теориясы моделі: ғалам өте тығыз және ыстық нүктеден кеңейіп бүгінге жеткен

Жойқын жарылыс (Үлгі:Lang-en) — Әлемнің бұдан 13.7 миллиард жыл бұрын жойқын ғарыштық жарылыс нәтижесінде пайда болғанын және өзгеріп бүгінге жеткенін сипаттайтын ортақ космологиялық модел.<ref>Үлгі:Cite web</ref>. Бұл модел қазіргі ғылыми зерттеу мен өлшеулер арқылы белгілі бір деңгейге дейін расталып отыр.<ref>Үлгі:Cite web</ref><ref> Үлгі:Cite web</ref> Космологтар дәріптейтін бұл теория бойынша, әлем бұрын шекті уақыттың алдында айырықша тығыз, ерекше жоғары темпратураға ие алғашқы күйден өзгеріп келген. 2013 жылғы Планк спутнигі қол жеткізген ең жоғары өлшеулер арқылы аталмыш жойқын жарылыс бұдан 13.798 (± 0.37) миллиард жыл бұрын болған көрінеді<ref name="esa"> Үлгі:Cite web</ref><ref name="NASA-20130321"> Үлгі:Cite web</ref><ref name="NYT-20130321"> Үлгі:Cite news</ref><ref name="NBC-20130321"> Үлгі:Cite web</ref><ref> Үлгі:Cite web</ref>.

Сурет:Lemaitre.jpg
Ж. Леметр

Жойқын жарылыс теориясы моделі Эйнштейннің Жалпы салыстырмалылық теориясын негіз етіп, өріс теңдеулері шешімін (мысалы кеңістіктің біркелкілігі мен біртұтастығы) табуды біршама жеңілдетті.

1922 жылы КСРО космологі және математигі Александр Фридман Эйнштейннің Жалпы салыстырмалылық теориясын пайдаланып ағынды денелерді зерттеп, осы моделдің өріс теңдеуін ұсынды.

1927 жылы бельгиялық физик, діни қызметкер Жорж Леметр өз еңбегінде кеңейген әлем өз бастауын алғашқы нүктедегі жарылысқа апарып тірейтіні сөзсіз деп есептеп, Жойқын жарылыс моделі мен Тұрақты күй моделін салыстырып, алдыңғысының шындыққа тіпті де жақын екеніне көптеген практикалық дәлелдер келтірді.<ref>Lemaître, G. (1927). "Un univers homogène de masse constante et de rayon croissant rendant compte de la vitesse radiale des nébuleuses extragalactiques". Annals of the Scientific Society of Brussels 47A: 41. (French) (Translated in: "http://adsabs.harvard.edu/abs/1931MNRAS..91..483L A Homogeneous Universe of Constant Mass and Growing Radius Accounting for the Radial Velocity of Extragalactic Nebulae]". Monthly Notices of the Royal Astronomical Society 91: 483–490. 1931. Expansion of the universe,Lemaître) Lemaître, G. (1931). "The Evolution of the Universe: Discussion". Nature 128: 699–701. doi: 10.1038/128704a0.</ref> Оның тұжырымы Фридман теңдеуі мәнімен бірдей болғандықтан, біртұтас Фридман — Леметр — Робертсон — Уокер метрикасы деп аталды. Аталған теңдеу былай көрсетіледі:

<math>\mathrm{d}s^2=R^2(t)\bigg(\frac{\mathrm{d}r^2}{1-kr^2}+r^2\mathrm{d}\theta^2 + r^2\sin^2\theta\mathrm{d}\phi^2\bigg)-c^2\mathrm{d}t^2</math>

Мұнда R (Т) ғарыштық масштаб коэффициентін көрсетеді.

  • k=1 -ге тең болғанда үш өлшемді кеңістік сфералды болады, оның жалпы көлемі шектеулі болып, мәні 2R(t) тең.
  • K = -1 -ге тең болғанда үш өлшемді кеңістік гиперболалық кеңістік болады және жалпы көлемі шексіз.
  • К= 0 -ге тең болғанда үш өлшемді кеңістік тегіс болып, жалпы көлемі шексіз болады.
Сурет:History of the Universe.svg
Әлемнің тарихы - гравитациялық толқындар жойқын жарылыстан кейін ғарыштың үздіксіз кеңеюін, қозғалыстың баяулауын туғызды

1929 жылы АҚШ ғалымы Эдвин Хаббл астрономиялық күзетулер мен есептеулер арқылы жер шарынан алыс жұлдыздар мен галактикалар үздіксіз алыстап, қызарып жатқанын байқады және осы негізде Кеңейген әлем түсінігін туғызды. Бұл теория ғалымдар, әсіресе, физиктер арасында кеңінен таралып<ref name="Brit/BB"> E. Britannica/big-bang-model</ref>, қазіргі әлемнің басталу тарихы бар деп қабылданды.

Δz=Δλ / λ =Hr / c (Хаббл заңы)
Хабблдың есептеулері арқылы, ең алыс галактикалар мен үйіржұлдыздар біздің бақылауымыз тұрғысынан бізден алыстап бара жатыр, олардың бергісіне қарағанда арғысының алыстау жылдамдығы тіпті де зор екен. Демек бұл барша нәрсе бір-бірінен өзара алыстап, әлем кеңейіп бара жатқанын көрсетеді.
Сурет:1958 Hans Breinlinger - Urknall.jpg
Жойқын жарылыс. Hans Breinlinger 1958ж. сызған.
Егер ғарыштағы жұлдыздар мен галактикалар бір-бірінен алыстап, әлем ұлғайып бара жатқан болса, онда олар кезінде бір-біріне өте жақын болғанын көрсетеді.<ref name="hubble">

Үлгі:Cite journal</ref> Физиктер бұдан ары ғылыми қорытынды жасап, онда әлем ең арғы алқашқы сәтте өте тығыз және өте шағын болған деген қорытынды шығаруға болады.<ref> Үлгі:Cite web</ref><ref> Үлгі:Cite arxiv</ref><ref>Үлгі:Cite arxiv</ref> Бөлшектік ірі үдеткіштер арқылы жүргізілген ғылыми тәжірибелер бұл теорияны растай түсті. Дегенмен, қазіргі технологияның шектемесінен, әсіресе Ірі үдеткіштердің мүмкіндігі әлі де шекті болғандықтан, әлем кеңеюінің алғашқы сәтін тіке/жанама тәсілмен айқын түсіндіру әлі де қиын болып тұр. Жойқын жарылыс теориясы әлемнің алғашқы кезеңі туралы әлі ештеңені нақты түсіндіре алмайды, оның бар мүмкіндігі сол алғашқы кезеңнен кейінгі өзгерістерді жорамалға негізделген күйде түсіндірумен ғана шектеледі.

Қазіргі өлшеулер мен есептеулер бойынша, ғарышта Жеңіл элементтер айырықша мол екені анықталды. Жойқын жарылыс теориясында айтылатын ғарыштың алғашқы тез кеңеюі (жарылысы) мен біртіндеп суу барысында алғашқы бірнеше минутта термоядролық реакциядан осы Жеңіл элементтердің мол қоры қалыптасқаны анық. Сандық және сапалық анықтау бойынша, жеңіл элементтердің молдығы алғашқы сол жарылыста пайда болған жеңіл элементтердің мөлшері мен сипатына сай келеді.

Аталуы

Сурет:Lambda-Cold Dark Matter, Accelerated Expansion of the Universe, Big Bang-Inflation.jpg
Л пішінді (Лямбда) уақыт-кеңістік – суық қараңғы материя, Әлемнің жедел кеңеюі, жойқын жарылыс - ұлғаю (уақыттың тарихы)

Бастапқы кезде Жойқын жарылыс теориясы «Динамикалық эволюциаланған үлгі» деп аталған. Big Bang сөзін ең алғаш британ астрономы Фред Хойл қолданған болатын. Бір қызығы, Хойл әлемді түсіндіретін теориялар ішінде осы Жойқын жарылыс теориясына қарсы шығып, материяның "үздіксіз туу" гипотезасын ұстанып, түрақты күй теориясын жақтаған екен. Ол, 1949 жылы наурызда BBC радиосының бір бағдарламасына қатысып, «Заттардың табиғаты» деген дәріс оқу барысында Леметр секілді кісілердің моделін сынап, "the Big Bang theory" — "Жойқын жарылыс теориясы" деген сөзді қолданған.<ref>Үлгі:Cite web</ref><ref> Үлгі:Cite book</ref><ref> Үлгі:Cite book</ref> Хойл осы теорияны мұқатып осылай атаған деушілер көп болғанымен, Хойлдың өзі кейінірек "бұлай атауда еш мазақтау мәні жоқ, тек бұл екі түрлі теорияны өзара ажырату үшін осылай атадым" деп ақталған болатын. Хойл кейін Жұлдыз өзегіндегі термоядролық реакция туралы зерттеулері арқылы ғылымға үлкен үлес қосты. Дәл сол жұлдыз өзегіндегі термоядролық реакциялар арқылы жеңіл элементтерден (Сутегі, Гелий) басқа ауыр элементтер (темір қатарлылар) жасалу барысы айқындалды. Басқа тілдерге бұл теория ағылшын тіліндегі "Big Bang" сөзі арқылы аударылып жалпыласты. Қазақ тілінде бұл сөзді "Үлкен Жарылыс" деп аудару біршама жиі кездеседі. Бірақ біз аталған жарылыстың жай мағынадағы "үлкен" ғана еместігін ескеріп, "Жойқын жарылыс" деп атауды жөн санадық. Дегенмен, бұл соңғы шешім емес, тегі қалай атау мәселесі қазақ тілінде шындап бірлікке келген деп айту қиын. Бұл туралы әлі де іргелі ізденіс керек.

Бір айта кетерлігі, 1964 жылы Ғарыштың микротолқынды фон нұрлануының (CMB) анықталуы Жойқын жарылыстың болғанына үлкен бір дәлел болды. Әсіресе оның спектрін есептеп, сол арқылы қара дененің сәуле қисығы айқындалған соң, ғалымдардың көбі Жойқын жарылыс теориясына сене бастады.

Жарылыс барысы

Сурет:2MASS LSS chart-NEW Nasa.jpg
Құс жолының сыртынан ғарышқа қарау. Галактикалар Қызылға жылжуына сай боялған

Шар тәрізді шоғырлардағы ең кәрі жұлдыздардың химиялық құрамы әлемге 13-15 млрд жыл болғанын көрсетті. Аспан денелері мен олардың жүйелерінің эволюциялық өзгерісіне тұрақсыз құбылыстар және жарылыс процестері негізгі себепші болған.

Бұдан 15 млрд жылдай бұрын алапат жарылыс біздің әлемді жасады. Кеңістікті, уақытты, барлық материяны және қоршаған энергияны тудырған "Жойқын жарылыс" деп аталған табиғат өзгерісінен кейін барлық әлем пайда болды деп айту дұрыс емес пікір.

Әлем ерекше тез кеңею сатысын басынан өткіздію Кеңістік орасан зор мөлшерде энергия бөліп шығара отырып, өзінен өзі кеңейе берді. Осы сәтте Әлем пайда болды.<ref>Тұяқбаев С.Т., Кронгарт Б.Ф. Физика. Жалпы білім беретін мектептің 11-сыныбына арналған оқулық. Алматы: "Мектеп" баспасы, 2011. - 367 б.ISBN 9965-33-206-1</ref>.

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер <references/>

Сыртқы сілтемелер

Үлгі:Commons